Отзывы о книге Сивилла
Maktakyz8 мая 2020Балалық шақ - уақыт кеңістігінде жоғалғанымен, санамызда сақталған естеліктер
... Шынымды айтсам, бұл кітапқа баға бере алмаймын. Адамның өміріне қалай баға бересің? ⠀ Бұл — жазушының қиялы емес, өмірде болған оқиғаның желісі. Адам сенгісіз оқиға. ⠀ Бойында [миында] 16 түрлі адам өмір сүретін Сивилла туралы осындай әдеби шығарма жазылмағанда, бұл кітап тек қана психиатрлардың оқулығы сияқты болып қалар ма еді?! ⠀ Кітап адам психикасының нәзіктігі туралы жазылған. Бала болудың қиындығы, ана болудың, әке болудың, жалпы АДАМ болудың қиындығы туралы жазылған. Адамдар арасында #мейірім ️ бар жерде #қиындық деген түсінік жоқ екенін түсінесіз. Ал адамның мейірімге деген қажеттілігі сондай — оның орнына нені болса да беруге дайын. ⠀ Мейірімге мұқтаж болған кейіпкер Сивилланың санасы санға бөлінді. Ол ашулана алмаған кезде — барлығына ашулы Пэгги Лу, сенімсіз кезде — өзіне аса сенімді Вики, қатты қорыққан кезде — үнемі қорқып жүретін Пэгги Энн пайда болады. Сивилланың бойындағы осындай 16 тұлғаның барлығының өз шығу себебі бар... ⠀ Кейде бала тәрбиесі туралы нұсқаулықтарды оқып, тренингтерге қатысқаннан гөрі, осындай шын өмірден алынып, ащы ақиқатқа негізделген кітаптар көп нәрсені ұғындырады. ⠀ Бәлкім автордың өз тарапынан аз-маз қосып, әсірелеп жазған жерлері бар шығар. Дегенмен, бұл — оқиғасы өмірден алынған және оқуға сәл ауыр кітап екенін ескеріңіздер.
7 понравилось
911

Комментарии 0
Ваш комментарий
, чтобы оставить комментарий.
Комментариев пока нет,
ваш может стать первым